11 шіл, 2022 сағат 17:33

Ресейдегі Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды


2022 жылдың 10 шілдесінен бастап Ресей аумағында «ҚР шегінен тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтарына паспорттарды рәсімдеу» бойынша мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша «пилоттық жобасы» басталды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба Ресейде тұрып жатқан қазақстандық азаматтарға Қазан, Омбы, Санкт-Петербург және Астрахан қалаларындағы ҚР консулдық мекемелері арқылы паспортты 80 күннің орнына 30 күн ішінде ресімдеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның БАӘ (Әбу-Даби, Дубай қалалары), Германия (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Корея Республикасы (Сеул қ.), Ресей (Мәскеу қ.), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Өзбекстан (Ташкент қ.), Жапония (Токио қ.) мен Түркиядағы (Анкара, Ыстанбұл, Анталья қалалары) шетелдік мекемелерінде сәтті жұмыс істейді.