31 нау, 2022 сағат 15:14

Ресейде тәліп үкіметінің алғашқы дипломаты аккредиттелді


Ресей Ауғанстанның жаңа билігі – «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған – авт.) Мәскеуге жіберген алғашқы дипломатына аккредитация берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен айда Мәскеуге келген бірінші ауған дипломаты Ресей Сыртқы істер министрлігінен аккредитация алды», - деді С. Лавров. 

Лавров Кабулдың дипломатиялық және экономикалық байланыстарды кеңейту бағытында белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтты.