Олжас Тулеуов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Тулеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Олжас Тулеуов Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі қызметінде болған. Сондай-ақ, ол "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-да вице-президент қызметін атқарған.