Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде реформа жүргізу және одан әрі дамыту жөніндегі іс-қимылын қолдауға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Сұхбат барысында Назарбаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдумға баратынын айтты. Сонымен қатар, Әшімбаев түзетулер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесіне қатысты өзгерістер де бар екенін атап өтті.
"Иә, 5 маусымда Конституция берген құқығымды міндетті түрде қолданып, референдумда дауыс беруге қатысамын. Мен еліміздің Негізгі Заңы - қатып қалған құқықтық реликт емес, қазақстандық қоғамның өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді көрсететін тірі тетік екенін үнемі айтып келемін. Өзгерістер бұрын да енгізілген.
Бұл уақыт талабы болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санаймын. Мені де барлық өзгерістің мемлекет пен біздің халқымыздың мүддесі үшін болғаны алаңдатады", - деді Назарбаев.