08 жел, 2020 сағат 15:28

QazVolunteer бірыңғай платформасында 45 мың волонтер тіркелген - Вера Ким

Мемлекет басшысы жариялаған Волонтер жылы – бүкіл республикадағы волонтерлердің ауқымды қозғалысын дамытуға ерекше серпін беріп отыр. Бүкіл волонтер мен ерікті ұйымдар бір командаға бірігіп, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетті. Бұл туралы Волонтер жылының жабылу салтанатында Ұлттық волонтерлік желінің төрағасы Вера Ким айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Ұлттық волонтерлер желісі еріктілердің Республикалық фронт-кеңселерді басқаруға және волонтерліктің әртүрлі бағытындағы 17 аймақтық кеңсенің қызметін үйлестіру құрметіне ие болып отыр. 

Барлығының да бірыңғай QazVolunteer платформасында тіркелуге мүмкіндігі бар. Ол платформада әртүрлі жастағы 45 мыңнан астам ерікті және 3 мың ұйым бар.

«Коронавирус пандемиясының салдарымен күресу үшін барлық аймақтан 123 мыңнан астам волонтер тартылды. 1 миллионнан астам адамға көмек көрсетілді. Негізгі көмек төтенше жағдай аясында жасалды, еріктілер көпбалалы отбасыларға, медициналық-әлеуметтік мекемелерге азық-түлік апарып көмектесті. Кейде қатты үрейленгенімізді де жасырмаймын», - деп ой бөлісті Вера Ким.

Волонтерлер Президенттің оқу орындарындағы волонтерлік сағаттар мен еңбек өтілдеріне байланысты тапсырмасын зор құрметпен қарсы алды.

Ұлттық волонтерлік желінің төрағасы волонтерлік қызметті стандарттарын әзірлеп, оларды қоллдауға қатысты ұсынысын білдірді.

«Бұл бағыттағы жұмыс ерікті ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесе жұмыс жүргізуінің жаңа әрі сапалы моделін құруға көмектеседі», - дейді Вера Ким.