19 мам, 2021 сағат 20:07

«QazVac» салдырған адамдар реанимацияға түскен емес – министрлік


ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов «QazVac» вакцинасынан кейін адамдар реанимация жатыр деген ақпарат жалған екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«QazVac» вакцинасы 26 сәуірде бастадық. Екінші компоненті осы аптада, 17 мамырдан басталып отыр. Демек, «QazVac» вакцинасынан кейін адамдар реанимация жатыр деген ақпарат жалған», - деді бірінші вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Ал Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният «Спутником V» вакцинасын салдырғаннан кейін жағдайы ауырлаған адамдардың болмағандығын айтады. 

«Қазір министрлікте вакцина салдырғаннан кейін ауыр жағдайда жатқан адамдар туралы ақпарат жоқ. Республика бойынша бүгінде жағдайы ауыр 110-нан астам пациент бар. Бұл адамдардың хал-жағдайын еліміздегі ең беделді, білікті мамандармен кеңесе отырып қадағалаудамыз. Ал вакцинадан кейін ауыр хәлде жатқан адамдар туралы ақпарат түспеді», - деді ол.