Кремльдің ресми сайтында Ресей президенті Владимир Путиннің 2021 жылдың қорытындылары бойынша кірістері мен мүлкі туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сөйтсек, былтыр Путин 10,2 миллион рубль тауыпты, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 207 900 рубльге көп.
Жарияланған декларацияға сәйкес, көрші мемлекеттің басшысы 77 шаршы метрлік пәтердің және 18 шаршы метрлік гараждың иесі екен. Путиннің пайдалануында 153,7 шаршы метрлік пәтер және 18 шаршы метрлік гараж бар.
Ресей президенті, құжатқа сәйкес, екі дана ГАЗ М21 көлік құралына, "Нива" автокөлігіне және "Скиф" тіркемесіне ие.
2020 жылы Путин 9,994 миллион рубль, 2019 жылы - 9,726 миллион рубль, ал 2018 жылы - 8,648 миллион рубль табыс тауыпты.
Ресей Президентінің кірісі мен мүлкі туралы ақпарат 2009 жылдан бастап жарияланып келеді.
1065 рет оқылды