Фото: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр, мемлекеттік органдар басшылары және өңір әкімдерімен өткізген кеңесте дін саласындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өз сөзінде рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды.
"Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын", – деді Президент.