21 сәу, 2022 сағат 14:17

Президенттің күзет қызметі туралы деректі фильм жарық көрді – видео


© Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан президентінің телерадиокешені "Президентті қорғау" ("Охрана президента") деректі фильмін жариялады. Фильм мемлекеттік күзет қызметінің 30 жылдығына арналған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Фильмде мемлекеттік күзет қызметі кімге бағынаты, президенттің қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз ететіндерге қандай талап қойылатыны, мемлекеттік күзет қызметінің міндеті көрсетілген. 

"Мемлекет басшысының күзет қызметі фото мен видеода көрсетіле бермейді. Қызметкерлердің түрі, олардың жеке дерегі – құпия ақпарат. Алайда олар үнемі президенттің жанында жүреді. Олардың жұмысының құпия тұстары да көрсетілмейді. Олар мемлекет басшысының қауіпсіздігіне жауапты, демек елдің бүгіні мен ертеңі, тұрақтылығы да оларға тікелей байланысты", - делінген фильм сипаттамасында. 
Мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер әр ісін тыңғылықты атқарады. Мұнда ұсақ-түйекке орын жоқ және барлығы жан-жақсы үйлестірілген.
"Мемлекеттік күзет қызметі – мемлекет басшысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элиталы бөлімше. Сондықтан президент күзет қызметіне үміткерлер мұқият қарастырылады. Интеллектуалдық, моральдық қасиеті, физикалық төзімділікке ерекше назар аударылады", - дейді фильмде Мұрат есімді бас инспектор. 

Айта кетері, фильмнің ұзақтығы – 21 минут. Деректі фильм 21 сәуірде елдегі телеарналардан көрсетіледі.