30 нау, 2022 сағат 20:15

Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады


Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды.

Смағұл Елубай өзінің "Ақ боз үй" романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.