© americansecurityproject.org
Польша премьер-министрінің орынбасары, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Ярослав Качиньский Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында елінің аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.
"Егер америкалықтар бізден Польшада атом қаруын орналастыруды сұраса, біз бұған дайынбыз. Бұл Мәскеуді оқшаулауды айтарлықтай арттырады", - деді Качиньский.
Качиньский сондай-ақ АҚШ-тан Еуропадағы америкалық әскер санын көбейтуді сұрады және әскерлердің басым бөлігі НАТО-ның шығыс қапталына орналастырылуы керек екенін айтты.
"Польша Ресейдің үнемі өсіп келе жатқан агрессивтілігі аясында АҚШ-тың қазіргі 100 000 сарбазын 150 000-ға дейін көбейтуді құптайды. Бұл ретте шығыс қапталға, яғни Ресеймен шекараға 75 000 сарбаз орналастырылса, бір ғана Балтық және Польшада 50 мың жауынгер болуы керек", - деді саясаткер.