15 ақп, 2023 сағат 11:18

Петропавлдағы оқиға: мектеп оқушысы 2 айға қамауға алынды

видео кадры

Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласы мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми хабарламаға сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі жасөспірім балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Анықталғандай, құрдастарын балтамен жарақаттаған оқушының психикалық ауытқуы болған. Оған мектепте білім алуға Алматы қаласы Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген.