Петропавл мектебінде шабуыл жасаған бала таққан маска мен балтаның суреті жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Сурет Qumash Telegram-арнасында пайда болған.
"Біздегі ақпарат бойынша (расталмаған) шабуыл жасаған оқушыны басқа оқушы қолын қайырып, тоқтатқан. Зардап шеккендер (екі бала мен бір қыз) ауруханада", - делінген жазбада.
Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған еді.
Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.