25 ақп, 2022 сағат 21:08

Павлодарда жас жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды


Павлодар облысында үйінен шығып кетіп, оралмаған жігіттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы ер адамның денесі 20 ақпан күні Железин ауданының Дүйсеке ауылынан 3 шақырым жерден табылған. 

- Ағымдағы жылдың 14 ақпанында үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен Кирилл Коваленконың мәйіті табылды. Кириллдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен Железин ауылының үш тұрғыны ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер Железин ауданының ІІБ-не қамауға алынды, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары тексеруді бастады. Осы іске күдіктілердің қылмысы анықталса, олар 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.