04 мам, 2022 сағат 18:44

Павлодарда ҚТЖ филиалының басшысы сотталды


Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы Павлодар сигнализация және байланыс бөлімінің бастығының қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомостваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түсіпов С.И. Иманбек С.М. және Сәрсембинов Т.М. есімді азаматтармен 2016-2021 жылдар аралығында өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қызметкерлерден заңсыз ақша жинап келген. Сондай-ақ, ол жұмысы нақты аяқталмаған АТС жөндеуге келісім-шарттар жасаған. Атқарылған жұмыс актілеріне қол қою үшін ақшалай сыйақы алған", - делінген хабарламада. 

Павлодар қаласының соты Түсіпов, Иманбек және Сәрсембиновті кінәлі деп танып, әртүрлі жаза тағайындады.