14 шіл, 2022 сағат 16:21

"Пәтерге кіре алмадық". Нұр-Сұлтанда жасөспірім сәбиді құтқарып қалды


Нұр-Сұлтанда жасөспірім жалғыз өзі жетінші қабаттың терезесінен қарап тұрған сәбиді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 13 шілдеде кешке "Шерқала" тұрғын үй кешенінде болған. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде айтып берді.

"Екі жас шамасындағы бала терезеден құлап кете жаздады. Бір сағат бойы пәтерге кіре алмадық. Олар (полиция - еск.) жасақ шақырды. Көпбалалы отбасынан шыққан жігіт құтқаруға кетті. Ол 17 жаста, өзі де құлап кете жаздады. Жарады, нағыз ер. Бұл жағдай барлығына сабақ болсын. Ата-аналар балаларыңызға қамқор болыңыздар. Терезелерге тор қойыңыз", - делінген жазба сипаттамасында.

Кадрларда жігіт бір пәтер терезесінен келесі пәтер терезесіне өткені көрсетілген. Ол москит торын алып, пәтерге терезеден кіреді. 

Оқиғадан кейін көршілері 17 жастағы жігіттің көпбалалы отбасынан шыққанын білген.