23 мам, 2021 сағат 15:30

Өткен жылы мүгедектігі бар 31 мыңнан астам адам өмірден озды


2020 жылы елімізде мүгедектігі бар 31 мыңнан астам адам өмірден озды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2020 жылы мүгедектегі бар 31 390 адам қайтыс болды. Оның ішінде ерлер – 19 601 адам, әйелдер – 11 789 адам. Өлім-жітімнің негізгі себептері: жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларынан – 9 027 адам, онкологиялық аурулардан – 6 257 адам. Бұл ретте 2020 жылы қайтыс болған адамдардың орташа жасы 62-ні құрады», - деді вице-премьер. 

Үкімет басшысының орынбасары БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық міндеттемені, сонымен қатар 2012-2018 жылдарға арналған Қазақстандағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту іс-шаралары жоспарын орындау аясында гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасына іріктелген зерттеу жүргізілгендігін айтады. Аталған зерттеулер нәтижесіндегі мәліметтер мемлекеттік органдардың және үкіметтік емесс ұйымдардың жұмысында қолданылады.