27 қар, 2020 сағат 13:45

Өткен тәулікте ПТР анықтамасы жоқ 112 қазақстандық ұшақпен келді

Өткен тәулікте Қазақстанға ПТР тест тапсырғаны туралы анықтамасы жоқ 112 ел азаматы ұшып келді. Мұндай дерек COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

26 қарашада Қазақстанға Германия, Ұлыбритания, БАӘ, Ресей, Түркия, Иран, Латия және Мысырдан 13 халықаралық әуе рейсі келді. Әуе көлігімен келген 1 496 жолаушының 1 384-інде ПТР тестілеуден өткені туралы нәтиже көрсетілген анықтамасы болды. Ал анықтамасыз келген қазақстандықтардың саны 112 адамды құрады. 

Нақты айтқанда, Нұр-Сұлтан әуежайына 5 рейспен жеткен 612 жолаушының 548-і анықтамамен, ал 64-і анықтамасыз, Алматы қаласы әуежайына 5 рейспен жеткен 688 жолаушының 657-сі анықтамамен, 31-і анықтамасыз келген. Шымкент қаласы әуежайына 1 рейспен 133 жолаушы жетті. Олардың 10-ында анықтама болмай шықты. Ал Орал қаласы әуежайына 1 рейспен ұшып келген 56, Ақтау қаласы әуежайына 1 рейспен жеткен 7 жолаушыда анықтама болды. 

Анықтамасыз ұшып келген Қазақстан азаматтары келген жерлеріндегі карантиндік стационарларға ПТР-сараптама әдісімен COVID-19 арналған тестілеуден өту үшін орналастырылды, - делінген таратылған ақпаратта.