Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 20 сәуірінде ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Өскемен аудандарының бірінде алкоголь өнімін заңсыз, антисанитариялық жағдайда өндіру дерегін анықтады", - делінген хабарламада.
Тексеру барысында мамандар 2145 бөтелке "Түркістан" коньягын, 12 945 дана коньяк өнімдерін, 620 бөтелке "ОША" арағын, 4 мың бос бөтелке, 15 мың арақ қалпақшасын, қақпақтарды жапсыруға арналған екі құрылғыны және 500 литрден астам спирт бар пластикалық ыдысты анықтады.