Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, тінту кезінде калибрлі 7,62 миллиметрлік ТТ маркалы жауынгерлік тапанша тәркіленді. Тапаншада қосымша 9 миллиметр атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болған.
ИЖ-18 кесілген шолақ мылтық, оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 миллиметр калибрлі 450-ден астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген барлық қару атуға толық жарамды.
47 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Қазіргі уақытта бұл азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағаны және оның бұрын қылмыс жасау кезінде пайдаланылғаны анықталып жатыр.
846 рет оқылды