Фото: © Тұрар Қазанғапов
Өскеменде мамандандырылған балалар үйінің директоры мен бас есепшісі 63 миллион теңгені жымқырды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өскеменнің №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сот үкімі бүгін шықты. "Өскемен қаласындағы мамандандырылған балалар үйі" КМК-да 2015-2019 жылдар аралығында балаларға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі орын алғаны анықталды.
Еске салайық, барлығы 63 150 581 теңге ұрланған.
"Өскеменнің № 2 соты қылмыстық істі қарауға кірісті. Бюджет қаражатын жымқыру айыптары Мамандандырылған балалар үйінің бұрынғы қызметкерлеріне - экс-директорға, бас есепшіге және кадрлар бөлімінің маманына қатысты тағылды. Олар 2015 жылдың наурызынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін 63 миллион теңге жымқырған", - деді Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Шақпантаев.
Сот мәліметінше, оларға Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша айып тағылды. Бұл бапқа сәйкес, айыпталушылар мүлкі тәркіленіп, 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
1480 рет оқылды