Оралда топ болып төбелескен бес адам полицияға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 маусымда сағат 16.50-де болды.
Автобустан қала орталығындағы әмбебап дүкені аялдамасынан түскен адамдар төбелесіп қалған.
Бес адам Абай полиция бөліміне жеткізілді. Соның ішінде екеуі мас күйінде уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылуда.