Орыстың ұлы шайыры Александр Пушкиннің "егізі"қайтыс болды. Орал қаласында тұрған Владислав Букреев 74 жаста еді. Қаралы хабарды оның жары естіртті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Владислав Букреев - орыс ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің әлемде ресми мойындалған жалғыз егізі. Ол бұл мәртебені 1980 жылы Ленинградта өткен халықаралық байқауда алған.
Жеңімпаз дипломында: "Бұл дипломның өкілі А. С. Пушкин деп аталуға құқылы" деп жазылған.
Содан бері Букреев Оралдың "визит картасына" айналған. Ол Пушкин рөлдерін сомдау үшін Островский атындағы орыс драма театрына да шақырылып тұрған.
"Өте жарқын адам еді. Біз онымен керемет фотосессиялар жасадық. Ол мейірімді, жақсы адам болған. Оның жақындары мен туыстарыма көңіл айтамын", - деді фотограф әрі журналист Оксана Каткова.
Владислав Букреевпен қоштасу рәсімі 25 мамырда өтеді.
1373 рет оқылды