Оралда бұрынғы әйелін өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, сот санкциясымен отыз жастағы ер адамға екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді Белгібеков.
Еске сала кетейік, Оралда ер адам әйелін пышақтап өлтірді. Марқұмның соңында екі кішкентай баласы қалды.