Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап әкеліп беремін деп 2 млн астам теңге жымқырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 21 жастағы К. тұрғындарға басқа мемлекет аумағынан автокөлік айдап келемін деп уәде беріп, суретін әлеуметтік желілерге салған.
Өздеріне ұнаған автокөлікті алуды тездету үшін алдын ала ақы сұраған. Оған қоса көлік құралдарын жөндеуге де өз қызметін ұсынған.
Осылайша алаяқ Орал қаласы тұрғындарының 2 млн астам теңгесін иемденіп кеткен.
Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде күдікті анықталып, қазір ол қамауда отыр.
Жәбірленушілерге шығындары өндірілді.