22 шіл, 2020 сағат 07:45

Орал тұрғыны 70 мың теңгенің дәрі-дәрмегін рұқсат құжатынсыз сатқан

Оралда рұқсат құжатынсыз тапшы дәрі-дәрмекті сату фактісі анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, рұқсат құжаттынсыз тапшы дәрі-дәрмектерді сату фактісін анықтады.

«Бірлескен тексеру барысында Орал қаласының тұрғыны жалпы сомасы 70 000 теңгеге «Ингавирин 90», «Ксарелто», «Ацетилсалицил қышқылы» дәрілік препараттарын сатқандығы белгілі болды. Алайда, аталған тұлғаның сәйкес рұқсат құжаттары болмаған», делінген хабарламада. 

Жинақталған материал айыпты тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды.