Сурет ашық дереккөзден алынды
Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған қазақстандық өз еркімен полицияға барды.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі растады.
"Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген екінші қазақстандық кореялық полицияға өз еркімен барды. Қазақстан Республикасының Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, отандастарымызға барлық қажет консулдық-құқықтық көмек көрсетеді", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін қос қазақстандық азамат Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанын хабарлаған едік.