Үстіміздегі жылдың 16 желтоқсанында Жамбыл облысы Байзақ ауданында партиялық тізімге сәйкес, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Қайсар Жасұзақов онлайн режимінде аудан кәсіпкерлерімен кездесті. Аудандық партия филиалында «ZOOM» платформасында ұйымдастырылған байланыс аясында оған қатысқан кәсіпкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
- Шағын және орта бизнесті дамыту өңір экономикасының өсу қорларының бірі болып табылады. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті.
Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру есебінен «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: «Бизнестің жол картасы-2025» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің кемінде 250 жаңа жобасына жыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетуге, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында кемінде 35 жобаны іске асыруға және 2,6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіруге, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде кемінде 20 басым жобаны жыл сайын қаржыландыруға және іске асыруға, екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға кәсіпкерлерге несие беру тетіктерін кеңейтуге ықпал етеді, - деді Қайсар Жасұзақов.
Кездесу соңында үміткер кәсіпкерлердің барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.