ҚР Президенті Әкімшілігінің мақұлдауымен Көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Оңал Бекиев тағайындалды, – деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің жаңа бастығын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Оңал Ботайұлы Бекиев 1975 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет істейді. Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарып, басшылық құрамдарда жұмыс істеген. ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болған. Алматы облысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.