ШҚО тұрғыны 61 жастағы досын пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Наурыз айының басында Өскемен қалалық Полиция басқармасының Солжағалау ПБ “102” жедел арнасына әкесіне көмек керек екенін хабарлап қызы қоңырау шалды.
Тексеру кезінде ер адам өзінің 61 жастағы досымен бірге алкоголь ішкені анықталды, көп ұзамай олардың арасында жанжал басталып, соның барысында екеуі бір-біріне пышақ жарақатын салған. Кейін алған жарақаттарынан ер адамның танысы оқиға орнында қайтыс болған.
Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері патрульдік қызмет қызметкерлерімен бірге облыс орталығының 58 жастағы тұрғынын ұстаған. Күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.