09 жел, 2020 сағат 13:26

Оқу жылы басталғалы 2,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған

Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 2539 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі эпидемиологиялық ахуалдың түрін ескере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің санын 20-дан 10 рейске дейін азайту туралы шешім қабылданды. Яғни екі тараптың да әуе компаниялары 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап рейстер санын қысқартады», - деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.

Вице-министрдің айтуынша, елде оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 2539 жағдайы тіркелген. 

«Оның ішінде 738 оқушы кезекші сыныпта оқитын балалар болса, 1811 оқушы - қашықтан оқитындар. Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерінің жанында 1556 мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Карантин шараларын әлсіреткелі бері (17 тамыздан 8 желтоқсанға дейін) 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілді. 18 903 нысанның иелері тәртіп бұзғаны анықталды», - деді ол.