25 нау, 2022 сағат 16:45

Нұрқаділов ісі: Бас прокуратура желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды


Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қайта тергеле бастағанын жоққа шығарды. Алайда Заманбек Нұрқаділовтің ұлы жіберген өтініштің қаралып жатқанын растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтің арызы қаралып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін марқұмның ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімі бойынша тергеу шараларын қайтадан бастауды талап еткен. Оның айтуынша, Заманбек Қалабайұлы өз-өзіне қол салмаған. Оны белгісіз біреулер атып кеткен.

Танымал қоғам қайраткері 2015 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды.

Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған.