Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарада "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
"Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру дерегі құжат түрінде рәсімделген.
Аталған дерек бойынша "Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды", - делінген хабарламада.