29 қыр, 2020 сағат 10:37

Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте бейтаныс адамды тонап кеткен әйел ұсталды

Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте бейтаныс адамды жарақаттап, тонап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 34 жастағы күдікті көшеде бейтаныс әйелден қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Алайда ол телефонын беруден бас тартқан. Оған ашуланған күдікті жәбірленушіге дене жарақатын салып, құны 100 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы ұялы телефоны бар сөмкесін алып кеткен. 

Полицияның хабарлауынша, күдікті бұрын да ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. 

Елордалық полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында кісі тонаған күдіктіні ұстады. Полицияға жеткізілген әйел жасаған қылмысын мойындады. Сөмке мен телефон иесіне қайтарылды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда»,-делінген хабарламада.