03 жел, 2020 сағат 15:34

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері автокөлік ұрысын ұстады

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 25 жастағы елорда тұрғыны тұрғынүй ауласында кілттерді іріктеу арқылы «Тайота» автокөлігінің салонына кіріп, бейнетіркеуіш пен антирадарды қолды еткен. Ұрланған мүлік соммасы 25 мың теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлігінің ішіндегі мүлігінің ұрланғанын байқаған азамат полицияға шағымданды. 

Жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, қолға түсірді. 

Ер адам кінәсін мойындады. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Антирадар мен бейнетіркеуіш тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Тергеу жүріп жатыр, оның астана аумағындағы осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан аса мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.