25 там, 2020 сағат 15:10

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік тұрғын үйге кезекте тұрғандарды алдаған әйел ұсталды

34 жастағы әйел 9 қала тұрғынының сеніміне кіріп, алдап соққан. Алаяқ оларға мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кезегін жылжытуға көмек беремін деп уәде еткен. Өзінің «қызметі» үшін әрқайсысынан 2-ден 3 млн-ға дейін ақша алған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік мекемелер мен банктерде байланысы бар кәсіпкер азаматша жайлы қауесет таныс адамдардың арасында тез тарап кеткен. Сөйтіп алданғанын білмеген азаматтар ақшасынан айырылған. 

Ұсталған азаматша полиция департаментінің тергеу изоляторына қамалып, республика аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Алдаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. 

Осы адамның заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Бейбітшілік, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне жүгініп немесе 8 (7172) 71-61-51; 71-60-69, 87025009729 немесе «102» нөміріне қоңырау шала алады. 

Егер сіз алаяқты танысаңыз немесе оның алаяқтық әрекеттерінен зардап шексеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.