Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде дәрет сындырған тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот отырысында құқық бұзған Р. есімді азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді.
Сот айыпталушыны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.