40-55 жас аралығындағы бес күдікті құны 20 млн теңге болатын 2019 жылы шыққан «SHACMAN» маркалы жүк көлігін айдап әкетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«102» пультіне ЖШС директоры жүгінген. Ол құрылыс нысаны аумағынан түнгі уақытта жүкті өзі түсіретін жүк көлігі жоғалып кеткенін хабарлаған.
48 жастағы күдікті бұрын аталған ЖШС-да жұмыс істеп, өзінің жүк көліктерін пайдалануға беріп жүріп, «SHACMAN» маркалы жүк көлігін айдап әкетуді ойластырғаны анықталды.
Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ол достарын ұрлыққа тартқан. Түнгі уақытта құрылыс нысанының аумағына кірген олар жүк көлігін ұрлап кеткен.
Жүк көлігімен ізін жасырып, ұрлық жасаушылар оған ұқсас басқа жүк көлігінен нөмір алып, ұрланған көлік нөмірін өзгерткен.
Полиция қызметкерлері дереу қала маңындағы барлық ауылды аралап, ірі көлік тұрақтарын тексерген, бірақ одан нәтиже болмаған.
«Одан әрі іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер тынымсыз жұмыстың нәтижесінде қылмыскерлердің ізіне түскен. Қаскүнемдер олардан сезіктеніп, Монастырка ауылына жүк көлігін айдап әкеткені анықталды. Онда олар бір апта бойы көлікті ангарда ұстаған. Кейіннен көлік құралы Арқалық қаласына жеткізілген, онда жүк көлігі бөлшектеліп, ішінара қосалқы бөлшектері сатылған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Дмитрий Демидов.
Автокөлік бөлшектерінің жартысын полиция қызметкерлері Арқалық қаласының тұрғынынан алған. Ол күдіктілердің өтініші бойынша көлікті ірі ақшалай сыйақы үшін бөлшектеген.
Қазіргі уақытта «SHACMAN» маркалы жүк көлігін ұрлаған күдіктілердің барлығы ұсталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.