Коронавирусты жұқтырғандар - 25-52 жас аралығындағы тұрғындар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тағы 7 науқас тіркеліп отыр. Олардың бәрі - Қазақстан азаматтары. Жастары 25-52 аралығында. Бәрі бұрын ауырған адамдармен байланыста болған. Қазір олар стационарда. Карантинде емделіп жатыр. Жағдайлары жақсы», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелгені осыған дейін хабарлаған едік. Осы сағатта коронавирус жұқтырғандардың саны Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 25 адам болып, ел бойынша жалпы 44 науқасқа жетті.