2021 жылы 21 қаңтарда жеке компания директорынан пара алғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаевқа 42 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2021 жылы 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының үкімімен Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаевқа мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 42 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Оның айтуынша, Е.А. Наурызбаев жеке компания директорынан орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз төлеуге жәрдемдескені үшін 1,4 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.