Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны анықталды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен.
Кешкі уақытта ол Magnum супермаркетіне келген. Терминалға жақындаған ол құрылғыны кілтпен ашып, 3 800 000 теңге ақшаны алған. Сосын байқатпай ақшаны сөмкеге салып, белгісіз жаққа кетіп қалған.
Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.