25 сәу, 2022 сағат 17:10

Nur Media холдингінің директоры ауысты


Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін ол Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ал холдингке небәрі 2 ай бұрын басшы болып келген Руслан Алишев Amanat Партиясы атқарушы хатшысының кеңесшісі атанды.

Айта кетейік, Nur Media холдингіне бұрынғы Amanat партиясына қарасты БАҚ-тар тиесілі.