Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстандағы "Рух Ордо" кешенінің аумағындағы ескерткіші қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін екі жыл бұрын орнынан алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатыны және оның қашан қайтарылатыны әзірге белгісіз.
Ескерткіш 2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 65 жылдығына орай көл маңына орнатылған.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қырғызстанда Назарбаевқа қойылған ескерткіш алынып тасталғанын хабарлағанбыз.