Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид Әл-Нахаянға ағасы шейх Сұлтанның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шейх Сұлтан тарихта биік тұлға ретінде із қалдырды, Біріккен Араб Әмірліктерінің қалыптасып, гүлденуіне сүбелі үлес қосты. Оның жарқын бейнесі Халқыңыздың жадында мәңгі сақталарына сенімдімін», - делінген Елбасының ресми сайтында жарияланған жеделхатта.