Фото: elements.envato.com
Мысырдың Хургада курортында акула австриялық туристке шабуыл жасады. Бұл туралы 1 шілдеде Ресейдің Хургададағы бас консулдығы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Оқиға Сахл Хашиш ауданында болған.
"Сахл Хашиш аймағында акула оның қолы мен аяғын тістеп алды", - дейді ведомство өкілдері.
Куәгерлер түсірген кадрларда жәбірленуші жағалауға қалай жүзуге талпынып жатқанын көруге болады. Ал айналасындағы су қызғылт түске боялған.
Турист ауруханаға жеткізілді. Кейінірек агенттіктің дереккөзі әйел жарақаттан қайтыс болғанын хабарлады.
Болған жағдайға байланысты Сахл Хашиш ауданынан Макади Бей шығанағына дейін үш күн бойы шомылуға, дайвингке, балық аулауға және снорклингке тыйым салынды.
РЕН ТВ мәліметінше, аты аталмаған медициналық дереккөзге сенсек, Австрияның қайтыс болған азаматы 68 жаста болған. Ол мысырлыққа тұрмысқа шығып, онымен бірге осы елде тұрған.
767 рет оқылды