30 қаз, 2020 сағат 10:03

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Грузиядан экстрадицияланды

Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеттің жәрдемдесуімен Грузиядан «БТА Банкі» АҚ-ның бұрынғы басқарма мүшесі – Басқарушы директоры Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 249 млрд теңгеден астам сомаға БТА банкінің активтерін Мұхтар Әбілязовтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп ұрлағаны үшін іздестірілген болатын.

Қылмыстық жауаптылықтан жалтару мақсатында Рамазанов Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып, Грузия аумағында жасырынып жүрген.

Алайда қазақстандық құқық қорғау органдарының грузин әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында ол қолға түсті.

Қазіргі уақытта Рамазанов Алматы қаласы тергеу изоляторына қамалды.