Жамбыл облысының полицейлері қорасында 3 қап есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Мойынқұм ауданының 45 жастағы тұрғыны ұстады.
Оның қорасын тінту кезінде жалпы салмағы 4 кг 535 грамм үш қап кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков хабарлады.
Кінәсін мойындаған күдікті Мойынқұм ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіп жатыр.