25 қыр, 2019 сағат 19:22

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев фин әріптесімен кездесуден кейін Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Көшбасшылар саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты қатынастардың құқықтық-шарттық базасын кеңейту мәселелерін талқылады.

 

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, одан әрі нығайтуға дайын екендерін мәлімдеді.

Атап айтқанда, тараптар экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Молдова президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Молдоваға ресми сапармен келуге шақырды.