Министрлер немесе әкімдер туыстарының басшылық лауазымдарға келуіне тыйым салу мәселесін талқылау керек болады. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Сенат төрағасынан Президент туыстарына басшылық қызметтерге келуіне тыйым салу тапсырмасына қатысты сұрақ қойды. «Енді министрлер және басқа да бірінші басшыларға осындай шара қолдану керек пе?», - деп сұрады палата төрағасынан.
«Бұл мәселе қазір Конституциялық реформалардың аясында президентікке қатысты қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға қатысты, яғни министрлерге немесе әкімдерге байланысты да қарау керек шығар. Бірақ қандай формада болатынын қазір айту қиындау. Біз алдымен Конституцияға өзгерістер енгізейік. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын білесіздер, жұмыс тобына сенаторлар да қатысып жатыр», - Әшімбаев
Осы орайда Сенат төрағасы Конституцияға ірі өзгерістер енгізілетінін атап өтті.
«Содан кейін мұндай мәселелердің барлығын басқа да заңдарда қарастырамыз. Бірақ оның қандай формада болатынын сол заңдарды талқылаған кезде ақылдамасыз», - деді ол.
Қазақстанда Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшылар лауазымдарына орналасуға заңнамалық тыйым салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында мәлім етті.
Конституцияға Президенттің жақын туыстарының жоғары лауазымдарға отыруына тыйым енгізіледі. Заң күшіне енгеннен кейін Президент туыстары лауазымдарын босатады.