27 мам, 2021 сағат 20:20

Министр вакцина алғаннан кейін көз жұмғандар туралы пікір білдірді


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін көз жұмған қазақстандықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Вакцинасыз вирус жұқтырудың және оның салдарын тартудың қатері вакина алғаннан мың есе көп. Вакцинадан келуі мүмкін тәуекел өте төмен. Оқиғалардың сәйкес келу бар қазір. Вакцина алғаннан кейін азаматтар көз жұмған. Мидағы ақпарат бойынша соңғы процедура вакцина болғандықтан, соның кесірінен қайтыс болды деп ойлайды бәрі. Жағдайлардың әрқайсысын комиссия жеке-жеке қарап, вакцина мен өлімнің арасында қандай да бір байланыс бар ма деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Жай ғана мысал үшін сізге мынаны айтқым келеді. Коронавирусқа дейін, күн сайын елімізде 5 адам инсульттен, 7 адам инфарктан өлетін. Қазір күн сайын вакцина алушылардың саны артып жатыр. Яғни ықтималдық мүмкіндігі артып келеді», - деді ведомство басшысы. 

Министрі күн сайын вакцина алмаса да, бірнеше адам қан қысымынан, күйзеліс жағдайынан, тұқым қуалайтын аурудан көз жұматынын еске салды. 

«Осындай жайттар вакцина алу сәтімен сәйкес келіп қалады. Біз дәрігер ретінде әр оқиғаны зерттейміз. Егер өлімнің вакцинамен қандай да бір байланысы болса, тоқтата тұруға нұсқау беретін едік. Бірақ дәл қазір тікелей себеп жоқ екенін көріп отырмыз. Осыны түсіну керек. Біреу онкологиядан, біреу қант диабетінен кетіп жатады», - деді Алексей Цой. 

Сонай-ақ, ол Қазақстанда 2 млн адам вакцина алса, соның ішінде 820 адам вирус жұқтырғанын айтты.

«Біріншіден олар ауруды өте жеңіл өткерген. Өйткені вакцина иммунитетті қорғайды. Екіншіден, оның үлесі – 0,03 пайыз ғана. Бұл өте аз. «Спутник V» вакцинасының ең жоғары тиімділігі 92 пайыз деп жарияланды. Яғни, екпе алған 100 адамның сегізі қандай да бір пайдалы әсер алмауы мүмкін немесе вакцина алса да, ауырып қалуы мүмкін деген сөз. Ал қазір бізде вакцина алғандардың 0,03 пайызы ғана ауырған. Яғни вакциналаудың тиімділігі жоғары, оң әсер етіп жатыр деуге болады», - деген министр әлемде ресейлік технологиямен жасалатын вакцинаны 30 ел қабылдап жатқанын баса айтты. 

«Дәл қазіргі сәтте «Спутник V» адам өлтіргенін көріп отырған жоқпыз. Бізден бөлек әлемнің 30 елінде 100 миллионнан астам адам осы вакцинаны алды. Әзірге қайғылы жағдайлардың бір де біреуінде вакцинамен тікелей байланысы бар екені анықталған жоқ. Сондықтан дәл қазір бұл вакцина тиімді әрі қауіпсіз», - деді Алексей Цой.